Атырауда ауруға шалдыққан мал басы бес мыңнан асты

22 просмотров

Атырау облысында ауруға шалдыққан мал басы бес мыңнан асты. Ал, дерт дендеген 600-ден астамы арам қатқан. Ауру мал әсіресе Құрманғазы ауданында көп тіркеліп отыр. Ең азы Атырау қаласында. Мұнда 200-ден астам ірі қара нодулярлы дерматитті жұқтырыпты.

Еске салсак, елімізде алғаш рет тіркелген бұл ауру маусым айының аяғында басталған еді. Мамандар жұқпалы дерт көршілес Ресейден  келуі мүмкін екендігін айтқан. Өйткені, биылғы жылдың мамыр айында Астрахань облысында аталған ауру тіркеліп, карантин жарияланған болатын. Қазір Атырау облысы бойынша 5  жерде арнайы бекет жұмыс жасап тұр. Яғни, қалаға кірерден бұрын көліктерге дезинфекция жасалып, тексеріледі. Ал, ауруға қарсы дәрі-дәрмек сатып  алу үшін бюджеттен 2 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді.

Саламат Сабыр, Атырау облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметі бөлімінің басшысы:

— Ем көрсеткеннен кейін сауыққаны – 2134 бас, қазіргі таңда ауру малдың емделіп жатқандары – 2864 болып тұр,мал басының сауығуы қазыр облыста көбейіп отыр, өйткені алдын ала жасалған ем көрсетілген дезинфекция жұмыстарының нәтижесі оң болып отыр. 

Загрузка...