Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Атырауда адам өлтіріп, 22 жылға сотталған экс-полицей Манарбек Өтеуовтің бұрынғы басшылары ұсталды

101

Өзбекстан азаматы Дмитрий Кимді өлтіріп, 22 жылға сотталған экс-полицей Манарбек Өтеуов тергеу қапасында отырғанда қылмыс жасауға бастықтары – Бейбіт Шалтенов және Нұрболат Қабдешев мәжбүрледі хат деп жазған еді. Сондай-ақ осы екеуінің жетекшілігімен 100-ден астам қылмыстық істі қолдан жасатқызып, жазықсыздарды түрмеге тоғытып отырғаны да айтылған. Ал босату үшін 500 мың мен 7 млн теңге арасында қаражат талап еткен.

Тіпті бас-басына коттедж тұрғызу үшін Атыраудың құрылыс базарындағы саудагерлерді бопсалап, жезөкшелерден де салық жинапты. Осы сұмдықтарды тізбектеген Өтеуовтың 8 беттік хатын Бас прокуратураның тергеу тобы сәуір айынан бері тексеріп, бүгін криминалдық полиция бастығы Қабдешев пен жедел уәкіл Шалтеновты қамауға алды.

13police

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз