Атырау соты әйелін сабап өлтірген офицерді тұтқынға алды

56 просмотров

Атырау соты 30 жастағы рота командирін тұтқынға алуға санкция жария етті. Ол алкогольді мас күйде әйелін сабап өлтірген деп күдікке ілінуде. 

Бұл туралы қалалық №2 соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған  stan.kz  хабарлады.

ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясы №5546 әскери бөлімінің рота командирі екі айға қамауға алынған.

“Тергеу дерегі бойынша, 30 жастағы күдікті әйелі және қызымен тұратын жалдамалы пәтеріне мас күйінде келген. Әйелі екеуі арасында дау туындайды. Ер адам әйеліне қол көтеріп, алған жарақаттан келіншегі сол жерде қайтыс болған”, – делінген хабарламада.

Әскеридің әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Загрузка...