Атырау облысында шақпақ қант шығарыла бастады

16 просмотров

Атырау облысында құмшекерден шақпақ қант шығаратын өндіріс іске қосылды, деп хабарлайды 24.kz.

Кәсіпорын тәулігіне 1 жарым тонна өнім береді. Мұнда салмағы 300, 750, 900 грамдық және 1 келілік қораптағы шақпақ қант шығарылады. Іскер азамат «Даму» бағдарламасы бойынша 43 млн теңге несие алып, шаруасын шағын цехтан бастаған. Дайын тауар әзірге облыс халқының қажетін өтеп тұр. 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Жергілікті нарықтың жай-күйін зерделеген кәсіпкер келешекте кәсіпорынды кеңейтуді жоспарлап отыр. Сол кезде қант қызылшасынан өнім шығаруды қолға алмақ.

Әсет Тұяқбаев, кәсіпкер:

— Шілде айында несие алдық «Даму» бағдарламасы бойынша. Қондырғыны алып орнатқанымызға 10-15 күн болды. Қазір тәулігіне 1,5 тонна қант шығарып жатырмыз. Екі ауысымға көшсек, екі есе көп өнім болады. Жалпы болашақта бұл тек қанттан шығару емес, қант қызылшасынан қант шығаруды жоспарлап отырмыз. Бұйырса, бүкіл Қазақстанға таратамыз деген жоспарларымыз бар.

a912a34c614c0c2a44a78d49e2824dc5_l

Загрузка...