Атырау облысы прокурорының көмекшісі үй қамаққа алынды.
Бұл туралы Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Атырау қаласының №2 сотының тергеу судьясымен 24-тамызда Атырау облысы прокурорының көмекшісіне қатысты екі ай мерзімге үй қамақта ұстау туралы бұлтартпау шарасына санкция берілді.
„ҚР Бас прокуратурасымен Атырау облысы прокурорының көмекшісі С. (әйел адам) қылмыстық жазасын өтеушілер мен қамауға алынған тұлғалардың құқықтарының бұзылмауын қадағалау басқармасында мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы қасақана сыбайлас жемқорлық қылмысқа барды деп күдікке ілініп отыр„ делінеді алдын ала таратылған хабарламада.
Тергеу іс-шаралары жалғасуда.