2016 жылы маусым айында «Иманғали» Атырау орталық мешітінде бір адам намаз уақытында айқайлап, имам мен мешітке келген өзге азаматтардың намаз оқуына кедергі келтірген, деп хабарлады Атырау облыстық соттың баспасөз қызметі.
Мешіттегі ішкі тәртіп пен ережелерге сәйкес, мешітке келушілер намаз оқығанда барлық нормаларды орындауға міндетті. Мешітте дауласуға, намаз кезінде кедергі келтіруге тыйым салынған.