Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Аты жаман екен! Қазақстандық әуе компаниялар Еуропалық одақтың “қара тізімінен” шығарылды

122

Тізім жаңартылған соң, халықаралық стандарттарға сай “қазақстандық әуе тасымалдаушылардың барлығы бұл тізімнен шығарылды”, делінген комиссия сайтында бейсенбі күні жарияланған мәлімдемеде.

Тізімді қайта жаңарту туралы шешім 22-24 қараша аралығында Еуропалық комиссияның әуе қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі кездесуінде қабылданды.

Қазақстандық әуе компаниялары Еурокомиссияның “қара тізіміне” алғаш рет 2009 жылы ілінді. 2014 жылы желтоқсанда Еурокомиссия “Эйр Астанадан” басқа қазақстандық әуе компанияларының барлығына Еуропа аспанында ұшуға тыйым салды.

Комиссия мәлімдемесі бойынша, Азаматтық авиация халықаралық ұйымы енгізген стандарттарды Қазақстан қолдады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз