Аты-жөнін «Айфон» деп өзгерткен адамға iPhone 7 су тегін беріледі

233 просмотров

Украинадағы дүкендердің бірі небәрі 1 гривнаға (шамамен 13 теңге) су жаңа жетінші «айфон» сататынын айтып, жер-жаһанды шулатты. Бірақ, бұл жеңілдіктің жауапкершілігі зор болып шықты.

 

Бұл туралы 24 kz хабарлайды.

 Әлемдегі «гаджетқұмарлардың» түн ұйқысын бұзған смартфонды бұл дүкеннен алу үшін адам өзінің төлқұжатындағы аты мен ата тегін «Сим Айфон» деп өзгертуі тиіс екен.
Бұл өзгерісті дәлелдеу үшін ол аты-жөні өзгертілген төлқұжатын осы шараны ұйымдастырушыларға апарып көрсетуі керек.
«Айфонға» бола тегін өзгерткен алғашқы бес адам анықталған кезде, шара аяқталып, жеңімпаздар өздері армандаған гаджетті ала алады, деп жазады informing.ru.
iphone-7-jet-black

 

Загрузка...