Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Елімізде атауы ұятсыз тауарларды шектейтін заң жоқ. Олар Қазақстан нарығында қаптап кетсе не істейміз?

244

Біз бұл ақпаратты зерттеп көру үшін Интернетті ақтардық. Расында, ондай атаудағы тәтті Ресейде өндіріледі екен. Оны шығаратын компанияның атауы – АМА деп аталады. Демек, тәтті тоқаш атауы компаниямен тығыз байланысты.

Дегенмен Алматыда тұрсақ та мұндай тәтті тоқашты дүкендерден біздің көзіміз шалмапты. Біз бұл ақпаратты таратушы бірінші дереккөзге шықтық. Ол жігіт тәтті тоқаштың суретін Барнауылда түсіріп алғанын, ал Алматыда деп қалжыңдап жазғанын айтты.

Демек, ол өнім Қазақстанға әлі келе қоймаған. Дегенмен Барнауылыңыз Қазақстанның Павлодар, Семей қалаларына тиіп тұр. Еркін экономикалық аймақ құрылғалы бері шекаралас қала мен ауылдардың бір-бірімен алыс-берісі артқан. Демек, Барнауылға барған қазақтар оны көріп те жүр. Оның тауар ретінде бізге келіп те қалуы мүмкін. Мұндағы, яғни әлеуметтік желідегі жұрт әлі келмеген тауарға байкот жариялап, намыстарының жыртысын жыртып жатқан жайы тағы бар. Ал келсе, не болады деңізші?..

Кәсіпкер Азат Қонысбек мұндайда заңдық тұрғыда ешнәрсе істей алмайсыз дейді.

– Ресейдің бұл арада түк кінәсі жоқ. Олар қазақ сөзін қайдан білсін? Ал егер сол тауар Қазақстанға тасымалданса, онда оны әкелушілер жауапты болады. Солар компанияны ескертуі керек, тауарын шығарып жатқан елді зерттеуі керек дегендей…

Негізінен, бұл арада тұтынушылар ғана үлкен рөл атқара алады. Байкот жарияласын! Өз басым, ондай тәттіні сатып алмас едім.

Жалпы, біздің елде тауарға қатысты заңнамада „намысқа тиетін атаудағы шетелдік тауарға тыйым салынады„ деген норма жоқ. Оған сенімдімін. Сондықтан ел ішін дүрліктірмес үшін, депутаттар осындай бір заң нормасын қабылдап қоюы керек деп есептеймін. Оның артықтығы жоқ. Сонда құда да тыныш, құдағи да тыныш демекші, ел мен ел арасы да тыныш болады, – дейді кәсіпкер.

Ендеше, атауы жаман бәлекеттер дүкендерімізді келіп былғап, намысымызға тимесін десе,  халық қалаулылары осы мәселені қазірден ойластырып, заңдастырып алғаны жөн болар еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз