Ата-аналар ұл-қызына мептеп формасын таппай сандалып жүр

74 просмотров

Астанадағы оқушылар биыл киімсіз қалуы мүмкін. Жаңа оқу жылының басталуына небары бір апта қалғанына қарамастан  жүздеген ұл мен қыз әлі мектеп формасына қол жеткізе алмай жүр. Өйткені қаладағы санаулы дүкендерде ұзын-сонар кезек.

Бұл туралы КТК хабарлайды.
Ата-аналар балаларына шақ келетін киім таппай, тігіншілерге қайта тапсырыс беруде. Сондай-ақ, мұндай қарбаласқа Елордадағы әр мектептің әр үлгіде форма белгілеуі де себеп.
Ал небары бір аптадан кейін жаңа оқу жылы басталады. Бірақ тігін  цехтары тапсырысты орындап үлгере алмауда. Уақыт жақындаған сайын асыққан  ата-аналардың кейбірі  баласын толық киіндірмей үйлеріне кері қайтуда. Өйткені биыл мектеп формасының бағасы  да қымбат, — дейді олар.

 

Астана мектептеріне форманы түркиялық кәсіпкерлер тіккен. Бағасы 20 мың теңгегеден асады. Оған пиджак, юбка немесе шалбар мен көйлек кіреді.

Астаналық оқушылар биыл да  бірыңғай формаға көшкен жоқ. 75 мектептің әрқайсының  өз стилі бар. Білім минситрлігі тек оқушылардың киімі классикалық үлгіде және тым ашық түсті болмауы тиіс деген талап қойып отыр. Бірақ білім ордаларында хиджап пен қысқа балақ шалбар киюге тыйым салынған.

Загрузка...