Қарақат Әбілдина «Бал-бала» ойыншықтарын қымбатсынатын ата-аналарға ренжулі.
Бұл туралы ол инстаграмдағы парақшасына жазады, деп хабарлады juldizdar.kz порталы.
1-жасқа енді толған кезінде-ау деймін, достарымыз түсініксіз шеттілде ән айтып, қимылдайтын көңілді ойыншық сыйлаған болатын. Баланың әлгі ойыншыққа қызыққаны соншама, сонымен бірге қимылдап, гуілдеп, қолынан тастамай ойнайтын болды. Бірақ ойыншықтың сапасы сын көтермей, шамалы ғана ойнауға жарады.
Міне сол кезде әкесі қазақша сөйлеп, ән салатын сапалы ойыншықтар шығару идеясымен жанданып, бірден іске кірісті. Күні бүгінге дейін қыруар қаржысын құйып, қажыр-қайратын жұмсап, талмай, тынбай тер төгіп келеді. Ондағы мақсаты ұрпақ тарбиесін жастайынан қолға алып, бөпелік шағынан құлақтарына ана тілімізді сіңіріп өссе деген ниеттің жатқаны айтпаса да түсінікті.
Бал-бала ойыншықтарының бағасы қымбат, қалтамыз көтермейді дейтін жандарға шын қайран қаламын. 3000-нан басталатын 5 мыңнан 8 мыңға дейінгі бағаны қалайша қымбат дейсіз? Барлығымыз бала өсіріп отырмыз, ненің қанша тұратынын жақсы білеміз. Дүкендерде пластмассадан жасалған жәй қылыштың өзі 12000 теңге тұрады басқасын айтпағанда.