Қазақстан полициясынан жоғары нәтиже күту үшін жоғары жалақымен, техникамен қамтамасыз ету қажет.
Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өтіп жатқан «Жол қозғалысы саласындағы құқықтық реттеудің жай-күйі мен проблемалары» тақырыбындағы парламенттік тыңдау барысында еліміздің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазір біз Грузияда жемқорлықпен күрес жақсы жүргізіліп жатқандығы жайында жиі оқитын болдық. Сіздер тарапынан Грузия тәжірибесі зерделенді ме және ол қызықты ма әрі бізде де қолдануға бола ма?» — деді сенатор Қасымовқа қарата.
«Грузияға біздің қызметкерлер бірнеше мәрте барды, барлық қызметтер комиссия болып та барып қайтты. Ол жақтағылар полиция қызметкерлерінің бәрін жұмыстан шығарып жіберіп, айлықты 2 есе көтерген. Содан кейін жаңадан жұмысқа алған. Мархабат. Біз мұндай қадамға баруға дайынбыз», — деді министр.
Сонымен қатар ол Қазақстан полициясын Германиядағыдай, Америкадағыдай жасау қажет деген пікірдің жиі айтылатындығын атап өтті.