“Адам алпысқа дейін уақытты сынайды, алпыстан асқасын уақыт адамды сынайды”, – деп текке айтпаған ғой.
Алпыстың бел ортасынан асқан экс-сенатор Ғани Қасымовтың қартайған шағында жігіттігі оянған сияқты. Соңғы кездері Қасымовтың Инстаграмында маза жоқ.
Күні кеше жартылай жалаңаш тұрған суретін желіге жүктеген экс-сенатордың мұнысымен не айтпақ болғаны түсініксіз.
“Иә, 67 жаста селфи жасау аса жақсы идея емес. Бірақ, бұл өзіңе сыни тұрғыдан қарауға мәжбүрлейді. Бұл жаста бірінші кезекте жұмыс немесе денсаулықты ойлауың керек”, – депті Қасымов.
Мұнша жасқа келгенде жартылай жалаңаш суретке түскен Қасымовтың қылығына қандай баға беруге болады? Біздіңше, мұның бәрі қазақылықтың жоқтығынан. Басқа ештеңе емес.