Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тағы түнгі клубтағы атысқа қатысты пікір білдірді

35 просмотров

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Орландо қаласында түнгі клубтағы атысқа қатысты пікір білдірді.

«Орландодағы қанды қырғын — исламдық радикализмнің тағы бір көрінісі», — деп сенатор Твиттердегі парақшасына ағылшынша жазды.

Өткен демалыс күндері Орландо қаласындағы түнгі клубтың бірінде белгісіз біреу оқ атып, салдарынан 50 адам қаза тапқанын және 53 адам жарақат алғанын, кейбірінің жағдайы ауыр екенін айта кетелік.

Оқ атып, көптің қанын мойнына жүктеген 29 жастағы Омар Матин есімді жергілікті тұрғын болып шықты. Оның отбасы Ауғанстаннан көшіп келіпті. Полиция үш сағаттық атыстан кейін күдіктіні атып өлтірді. Билік бұл қылмысты лаңкестік әрекет деп бағалаған. Бірақ жергілікті сипаттағы немесе халықаралық деңгейдегі экстремизм екені, әзірге белгісіз. Тергеу ісіне АҚШ-тың Федералдық барлау бюросы да қосылған.

Ірі қырғынға баланған АҚШ-тың Орландо штатындағы атысқа қатысты тың деректер де пайда болып жатыр. Мәселен, қаскөй Омардың әкесі АҚШ-тағы ауғандық спутниктік телеарнада жүргізуші болып жұмыс істейді. Саддик Матин баласының қылығын оның бір жыныстыларға қарсы танымы әсер еткен болар деп түсіндіріпті. Ал 10 шақты жыл бұрын ажырасып кеткен Омардың әйелі Өзбекстанның тумасы екен. Ситора Юсуфий бұрынғы күйеуінің тұйық адам екенін, оның дінге қатты берілмегенін айтады.

Загрузка...