Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Асылжан Мамытбеков шынымен де отставкаға кетті ме?

Мамытбеков 2011 жылдан бері ҚР Ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарды.

2008-2011 жылдары “ҚазАгро” ұлттық басқарушы холдингі акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінде болды. 2007-2008 жылдары Қазақстан премьер-министрінің канцеляриясы басшысының орынбасары болды.

Сонымен қатар, ол – Астана қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Айта кетейік,

кеше ғана Мемлекет басшысы Асылжан Мамытбековке соңғы ескерту жасаған болатын.

Айтпақшы, Мамытбеков бұған дейін де 2013 жылдың соңында орынбасары Мүсілім Өмірияев пен департамент директоры Мақсұт Бақтыбаевтардың басы жемқорлыққа байланысты дауға шатылғанда да,

«Егер М.Өмірияевтің жемқорлыққа қатысы дәлелденетін болса, мен өз еркіммен отставкаға кетемін» деп жазған еді Facebookтегі парақшасында.

Одан бері екі жылдан аса уақыт өтті. Бірақ, отставкаға кеткен Мамытбековті көрмедік. Сондықтан, бұл ақпарат та жалған болуы әбден мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз