Астананың миллионыншы тұрғыны болып дүние есігін ашқан қыз балаға ата-анасы Саида деген есім берді.
Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.
– Бүгін мен үшін қос бірдей қуаныш. Әкемнің туған күнінде қызым өмірге келді. Енді, міне, пәтер кілтін табыс етіп отыр. Жасалып жатқан барлық жағдайлар үшін Мемлекет басшысына алғыс айтамын. Еліміздің халқы күн санап, жыл санап өсе берсін деп тілеймін. Әрбір жан әке бақытын, ана бақытын көруіне тілектеспін, – дейді бақытты әке.
Қала әкімдігі өкілдерінің айтуынша, ата-анасы сәбиді Саида деп атауды жөн көріпті.