Астанада жоғалып кеткен студент Қарағандыдан табылды

116 просмотров

Астаналық студент Бақтияр Жаманғараев жоғалып кеткеннен кейін 5 күннен соң Қарағандыдан табылды.

Ол Қарағанды қаласында пәтер жалдап, тұрып жатқан деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары.

Астанадағы Қазақ заң университетінің студенті Бақтияр Жаманғаревтың жоғалғандығы туралы алғашқы мәлімет 15-тамызда Instagram әлеуметтік желісінде тіркелді. Ондағы жазбаға сүйенсек, ол анасын әуежайдан күтіп алуы керек болған, бірақ ұшақтан түскенде анасы Бақтиярды таппай қалған. Элмира Жаманғареваның айтуынша, ол баласымен Ташкент-Астана рейсінің кешігіп ұшқалы жатқанын ескертіп, сөйлескен. Ал Астанаға ұшып келгенде баласы әуежайда да, үйде де болмаған. Ал телефон қоңырауына жауап бермеген. Біршама уақыттан соң студент тізгіндеген көлік ломбардтан табылған.

„Астана ішкі істер департаментінің ізкесушілері арнайы іздестіру шарасы кезінде 20-тамызда Бақтияр Жаманғаревтың орналасқан жерін анықтады. Ол Қарағандыда пәтер жалдап, тұрып жатқан. Ол аман-есен, қазір туған-туысымен қауышты, оған қатысты заңбұзушылық әрекеттер қолданылмаған„ — деді Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Загрузка...