Астанада жоғалған бозбала өлі табылды

37 просмотров

12-маусымда шамамен кешкі 20:00-де Есіл өзенінінің бойынан Еркебұлан Спандиярдың өлі денесі табылды. Мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Бұл туралы Астана ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

8-маусымда Астана қаласының „Сарыарқа„ аудандық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны шағымданған. Арызданушы әйел 18 жастағы баласы Еркебұлан Спандияр 7-маусымда шамамен сағат 7.30-да университетке кеткеннен үйіне оралмағанын мәлімдеген.

— Бұл іске қатысты іздестіру ісі қозғалды. Іздеу жұмысына Астана қаласы ішкі істер департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Одан бөлек ҚР ІшкіІсМині Ұлттық ұланының әскерилері мен жеке адамдар да ат салысты. Сонымен қатар, Алматы қаласының, өзге облыстардың ішкі істер департаменттеріне іздестіру үшін оның суреті жолданған, — дейді полициядағылар.

Загрузка...