Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Астанада жер жоқ, бірақ кезекке тұру үшін келушілер қарасы көп

111

Фото: krisha.kz

Фото: krisha.kz

Биліктің жер телімін беру үшін құжат жинайтындығы алдында хабарланған.

Алайда оның Алматы, Астана және тағы бірқатар облыстарға қатысы жоқ.

Себебі бұл аумақтарда жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөлінетін жер телімдері қалмаған немесе қарастырылмайды. Ал жер телімін алуға құжат қабылдау басталатынын хабарлаған БАҚ көздері, оның осындай ерекше тұстары бары туралы айтпай қалған.

Сондықтан кеше қалалық билік ресми түрде Астанада жақын уақытта жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін бөлмейтінін мәлімдеуге мәжбүр болған.Қазір қаладағы жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер теліміне деген сұраныс Астананы дамытудың бас жоспары жобасындағы көлемнен 7 есе асады.

Бас жоспарға сәйкес, 2030 жылға дейін белгілі бір даму бағдарламалары мен тұрақты қаржыландырудың арқасында 15 мың адамды жер телімімен қамтамасыз ету жоспарланған, ал бүгінгі күні кезекте тұрғандар саны 103 мыңнан асады.

Арыз 2006 жылдан бері қабылданып келеді. Ал Астанада қазір ондай жер қалмаған. Соңғы рет 2007 жылы 1120 адамға, онда да ҰОС ардагерлеріне, мүгедектерге, жеңілдікке ие басқа да тұлғаларға жер телімі берілген. Одан бері жер телімі берілмеді, – деді Астана қаласы Жер қатынастары басқармасының жетекшісі Төлеуғазы Нүркенов.

«Алайда әкімдіктің бұл түсініктемесі ғимарат алдында тұрғандардың сейілуіне еш әсер етер емес. Керісінше, бүгін адам мүлде көбейіп кетті. Адамдар таңғы 7-ден кезекке тұра бастаған. Адамдар бір-бірін таптап кетпес үшін әкімдік қоршау темірлерін қоюға мәжбүр болды. Белгілі болғандай, кеше 800 арыз қабылданыпты. Өйткені заң бойынша билік арызды қабылдаудан бас тартуға құқылы емес екен. Әкімдіктің хабарлауынша, жағдай қатаң бақылауға алынған» делінеді сайт жариялаған мақалада.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз