Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Астанада жемқорлыққа қарсы қозғалыс құрылды

«Біз Астанадағы сүрілген үйлердің орнындағы жерлердің тиімді пайдаланылуын белсенді түрде тексеретін боламыз. Түрлі жемқорлық схемалардың жүзеге асуы да назардан тыс қалмайды. Әр жылдардағы әкімдіктің қатысуымен құрылған, таратылған ұйымдар, заңды тұлғалар, мемлекет қаражатының жұмсалуын талдаймыз»

– дейді С. Абдрахманов.

С. Абдрахманов Астанада пәтері сүрілгелі жатқан Ә. Мейрамовтың басындағы жағдайды «мемлекеттік террор» деп бағалап отыр.

«Бұл Астана әкімдігі тарапынан жасалып отырған «мемлекеттік террор» десе де болады. Көпбалалы отбасының үйі «мемлекет қажеттілігіне» деп, көшені кеңейту үшін сүрілмекші, алайда, бұл бағыттағы қажетті жұмыстар бұрын бітіп қойған. Маған ол жерге коммерциялық нысанның құрылысы жүрмек деген де ақпарат жетіп жатыр», – деген ол құрылғалы жатқан қоғамдық қозғалыстың әлеуметтік әділдік іздеген қарапайым тұрғындарға көмек көрсетуді ғана емес, бизнесінен айрылған немесе мемлекеттік органдар мен шенеуніктерден, ықпалды топтардан түрлі қысым көрген кәсіпкерлердің де құқығын қорғауды көздейтінін айтып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз