Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Астанадағы әлем біріншілігін боксшы қыздарымыз жеңіспен бастады

75 келіге дейінгі салмақта қарағандылық Виолетта Князева 2014 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері австриялық Кэйтлин Паркерді қапы қалдырды.

Ал 19 жастағы астаналық Валентина Хальзова мен кореялық Химин арасындағы жекпе-жек мерзімінен бұрын, жерлесіміздің жеңісімен аяқталды.

Бүгін шаршы алаңға Назым Қызайбай (49 кг), Жайна Шекербекова (51 кг) мен Римма Волосенко (60 кг) шығады. Боксшы қыздарымыздың тартысын Kazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Елордада өтіп жатқан әлем біріншілігіне жаһанның 67 елінен 285 спортшы қатысып жатыр. Әлем чемпионатында еліміздің намысын 10 боксшы қорғайды. Олар: Римма Волосенко, Валентина Хальзова, Ләззат Күнгейбаева, Назым Қызайбай, Жайна Шекербекова, Дина Жоламан, Айжан Ходжабекова, Зарина Цолоева, Виолетта Князева және Юлдуз Маматкулова.

Жарыс күндері жанкүйерлер үшін Барыс Аренаға кіру – тегін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз