Астанадағы EXPO-ны жарнамалау үшін Ахметжан Есімов боксшы Головкинді пайдаланбақ

23 просмотров

«Астана ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастырушылар кеңсесінде Ұлттық компания Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Бокстан әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Геннадий Головкинмен кездесті, деп хабарлайды sn.kz.

Ұлттық компания басшысы «ЭКСПО-2017» көрмесін ілгерілету бағытында атқарып жатқан жұмысы үшін спортшыға алғыс білдірді.

«ЭКСПО-да Сіздің тамаша спорттық мансабыңызға екі есе ынтызарлықпен қадағалап отырады. Біріншіден, біз, барлық қазақстандықтар сияқты өзіңізді еліміздің мақтанышы санаймыз. Екіншіден, Көрмені әлемге таныту бастамасын мойныңызға алғаныңызға шексіз қуаныштымыз», — деді Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде, Геннадий Головкин Көрме тақырыбының маңыздылығын жеткізу барысында барлық күш-жігерін салатындығын айтты.

«Мен үшін ЭКСПО-2017-нің ресми елшісі болу әрі тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең бір ауқымды жобалардың бірін таныстыру үлкен мәртебе», — деді Г.Головкин.

Кездесуді қорытындылай келе, Қазақстанда ірі бокс-ивентті өткізуді әрі бұл спорттық шараны «Астана ЭКСПО-2017»-ге орайластыру мәселесі талқыланды.

Загрузка...