Астанада тойға туыспын деп кіріп кеткен бейтаныс ер адам қонақтарды тонап кеткен (фото)

740 просмотров

Астанада той кезінде тағы да ұры пайда болды. Тойға туыспын деп кіріп кеткен бейтаныс ер адам той қонақтарының заттарын ұрлаған.

Бұл туралы nur.kz жазыпты.

Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Алексей Иваныкин Астанада белгісіз ер адамның оны той кезінде тонап кеткенін айтып, жазба қалдырды.

«Қорқынышты жайт болды. Қолымнан айырылғандаймын. Кеше кешкісін телефонсыз қалдым… Тойда маған костюм мен көзілдірік киген ер адам келіп, өзін жас жұбайлардың ағасымын деп таныстырды. «Нұр Отанда» жұмыс істеймін, билікте таныстарым көп деп мақтанған ол менен қоңырау шалу үшін телефонымды сұрады. Өзінің телефонында батареясы отырып қалыпты-мыс. Оған сеніп беріп едім, ізім-ғайым жоқ болды», — деп мән-жайды түсіндірді Алексей.

«Кейін ол өзге той қонақтары секілді көңіл көтеріп, тіпті тойды басқарып жүргенін білдім. Көбі оны туысқандардың бірі деп ойлаған. Ол, тіпті бейнебақылау камераларынан да қорықпаған. Оның фотосын бірге жария етемін. Мен телефонымды қайтарып алғым келеді. Ондағы байланыс нөмірлері мен фотолар мен үшін өте маңызды», — деп жазған Иваныкин.

14721683_1030498913733532_8510361738960462552_n

 

 

Загрузка...