Астанада „Төленді„ компаниясы салған тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алмау ескертілді

179 просмотров

Астана қаласында бірнеше тұрғын үй кешенін салушы „Төленді„ тұрғын-үй құрылыс компаниясының басшысының үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталып кетті.

Осыған байланысты, ел азаматтарынан «Төленді» компаниясы салған тұрғын кешендерінен пәтер сатып алмауды сұраймыз деп хабарлады Астана қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Астана қаласы ішкі істер департаменті «Столичный-2» (Абай көшесі мен Сарыарқа даңғылы қиылысында), Аниса», «Аниса-2», «Аниса-3» (Қорғалжын тасжолы), «Көктал-2» (Тілендиев даңғылы 50/1 үй), «Абат» (Е 181, 363 пен 429 көшелері қиылысы), «150 лет Абая» (150 лет Абая көшесі мен 167 көшесі қиылысы) және № 23-31 және Ахмет Байтұрсынов көшелері қиылысы ауданындағы тұрғын кешені көп пәтерлі тұрғын кешендерін салушы болып табылатын «Төленді» компаниясының басшысы, сонымен қатар 2013-2015 жылдар аралығында пәтерлерді екі мәрте сатып, жоғарыда аталған тұрғын үй кешендері құрылысының мерзімі бойынша міндеттемелерді бұзған Айдын Байжұмановқа қатысты қылмыстық істерді тергеп жатыр.

Сондай-ақ қалалық құқықтық құрылым «Центр Продаж №1» компаниясы басшылығына, жылжымайтын мүлік агенттіктері мен Астана қаласының делдалдарына (риэлторларына) қылмыстық іс бойынша нақты процессуалды шешім қабылдауға дейін «Төленді» тұрғын-үй құрылыс компаниясының пәтерлерін сату бойынша консалтингтік қызметтерден бас тартуға кеңес береді.

„Құрылыс салушыға қатысты нақты процессуалды шешім қабылдау үшін, сотқа дейінгі тергеу органы «Төленді» компаниясынан зардап шеккендерді, сондай-ақ іске маңызды мән-жайды білетін азаматтарға Астана қаласы ішкі істер департаментіне, яғни 71-62-13, 71-60-10, 8-702-438-67-67 телефон нөмірлері бойынша хабарласуды сұраймыз„ делінеді Астана қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Загрузка...