Астанада сигналды жөнсіз басқан 200 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

35 просмотров

Астанада бір күнде 200-ден астам көлік жүргізушісіне еш қажеттіліксіз дыбыстық сигналды қолданғаны үшін айыппұл салынды.

Бұл туралы Астана қалалық Ішкі істер департаментіне сілтеме жасаған stan.kz хабарлайды.

“Жол қозғалыс ережесіне мұқият бағынып, әдеп пен тәртіптен аспай көлік жүргізу мәдениеті сақталуы тиіс. Осы ретте әкімшілік полиция басқрамасы жол-патрулдік полиция қызметкерлері және ІІД жергілікті полиция қызметкерлері бір күн ішінде рейд шарасын жүргізіп, нәтижесінде 200-ден астам көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың барлығы дыбыстық сигналды еш қажеттіліксіз қолданғандар”, – деді ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Елжан Шөпеков.

Ол сондай-ақ, жол-қозғалыс ережесіне сай дыбыстық сигнал қала сыртында алдыңғы көліктен озып шығуға рұқсат сұраған кезде қолданылуы тиіс екенін айтты. Ал халық тығыз орналасқан аумақтарда сигналды жиі қолдану тұрғындарға қолайсыздық тудырады.

Полицейлер аталған ережені бұзған жүргізушілерге 5 АЕК көлемінде айыппұл салынатынын да атап өтті. Бір жыл ішінде дәл сондай ереже сақтамаушылық әрекеті екі рет қайталанса айып көлемі 7 АЕК-ке дейін артады.

Загрузка...