Астанада сауда үйіндегі бейнебақылау камерасының объективіне түсіп қалған ұры қолға түсті.
Зергерлік бұйымдар бутигінің иесі 24-қазанда оның сауда орнынан белгісіз біреу құны 200 мың теңге тұратын зергерлік бұйымының қолды қылғанын айтып, полицияға арызданған болатын деп хабарлады Астана қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Аталмыш факт ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» жөніндегі бап бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне алынды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 27-қазанда Астана қаласы Алматы ауданы ішкі істер басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен 27 жасар елорда тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол қылмысын мойындады.
Жедел-тергеу іс-шаралары барысында белгілі болғаны, қолға түскен күдікті бұрын да ұрлық жасағандығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып шықты.
тел:71-62-80