Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
11
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Астанада полиция қызметкері сотталды

Сот азамат Б-ның ішкі істер органдарының қызметкері бола тұрып, әрі «П» ЖШС аумағында есірткі заттарының айналымы туралы мәліметтері біле отырып, қылмыс жасауды ұйымдастырған.

Ол ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкерлері К., Б. және К-ға қылмысты бірге жасауды ұсынған.

Биыл 10 қаңтарда ол есірткі сатқан ағайынды екі ер адамды ұстап, олардан қылмыстық жазаға тартылмау үшін ірі көлемде ақша бопсалаған.

Қолдарында ірі сомасы жоқ ағайындылар басқа туысынан көмек сұраған. Ол Астана қаласындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне шағым жазып, ішкі істер органдарының қызметкерлерін қылмыстық жазаға тартуды сұрайды.

Сот үкімі бойынша полиция қызметкері Б. қылмыстық жолмен тапқан немесе қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілеумен бірге, жалпы режімдегі түзеу колониясында 3 жыл, 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сондай-ақ ол өмірінің соңына дейін құқық қорғау жүйесінде қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сот үкімі бойынша азамат К. қылмыстық жолмен табылған немесе қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілеумен бірге жалпы режімдегі түзеу колониясында 3 жыл, 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Азамат Б. қылмыстық жолмен табылған немесе қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілеумен бірге жалпы режімдегі түзеу колониясында 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Ал азамат К. қылмыстық жолмен табылған немесе қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілеумен бірге жалпы режімдегі түзеу колониясында 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз