Астанада Орынбор көшесінің атауы Мәңгілік ел болып өзгертілмек

32 просмотров

Бұл туралы Астана қаласының ономастика комиссиясында айтылды.

Комиссияға көше атауларына қатысты 77 ұсыныс түскен. Тараптар Астанада атауы қайталанатын көшелердің барын да ескерді.

«Бас қалаға берілетін әр көшенің есімі тарихи тағлымнан сыр шертуі тиіс. Сол себепті біз алдағы уақытта Абылай ханның ақылшысы болған Бұқар жырау, Нияз би сынды тарихи тұлғаларға басымдық береміз», — дейді Тілдерді дамыту басқармасының басшысы.

Тілеуғали Қышқашбаев, Астана қаласы тілдерді дамыту басқармасының басшысы:

— Ең маңыздысы да, мақсаты да – біздің көшелердің аты атаусыз қалмауы. Көшелердің аты тарихи ат болуы керек. Ол біздің ұрпағымызға да, қонағымызғада түсіндіре білетіндей. Бұл «Мәңгілік ел» деген көше, «Ұлы дала» деген көше, «Бұқар жырау» атындағы көше, ол кісі тарихи адам деп. Сол үшін бұл аттарды ұсынып отырмыз.

Загрузка...