Астанада мемлекеттік рәміздер күні тойланып жатыр

60 просмотров

Мемлекеттік рәміздер күні құрметіне Астанадағы «Атамекен» этно-мемориалдық кешінінде 2500-ден астам адам қатысқан «Менің Қазақстаным!» атты ірі ауқымды патриоттық акция өткізілді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Атамекен» этно-мемориалдық кешенінде мемлекеттік рәміздер салтанатты түрде ортаға шығарылып, көк байрағымыз көтеріліп, әнұран орындалды.

«Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Шахмардан Байманов биылғы мерекенің ерекше аталып өтетіндігін баса айтты.

— Бүгін Қазақстан бойынша Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтіп жатыр.Бұл мереке Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Шараның ресми бөлігі аяқталғаннан кейін, күні бойы қаланың түрлі алаңдарында баршаға қауымға арналған концерттік бағдарламалар, түрлі шерулер өтеді. Бұл мерекеде мемлекеттік рәміздерді насихаттау арқылы қазақстандықтардың патриоттық сезімін арттырып, халқымыздың бірлігін күшейтеміз, — деді ол.

Шараға қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл бұл шараның жастарға рухани тәрбие беруде маңызды екенін атап өтті.

— Азаттықты аңсаған ата-бабаларымыздың арманы тәуелсіз ел болу еді. Міне, қазақ елі тәуелсіз мемлекет атанып, туған жеріміздің кіндігінде, киелі шаңырағымыздың бірлігінде көк туымыз көкке көтеріліп тұр. Бүгін жастар осы жерге мемлекеттік рәмізге деген құрметпен келіп отыр. Елтаңбамыз елдігімізді, көк байрағымыз теңдігімізді білдіреді. Ал осыған рух беретін халық. Сондықтан бүгінгі даңқты күнімізді мәңгілік елдің мақсат мұратымен біріктіріп, алға қарай жылжуға тиіспіз, — деді депутат.

Астанадағы мемлекеттік рәміздер күнін тойлауға ҚР Парламент Мәжілісінің депуттары, «Нұр Отан» партиясының басшылары мен өкілдері, қоғамдық-саяси қайраткерлер, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылар қатысты.

Жиын кезінде мерекелік автошеру бастау алып, қала көшелерімен көк байрақты іліп алған
көліктер жүріп өтті.

Загрузка...