Астанада ломбардқа қарулы шабуыл жасалып, адамдар кепілге алынды

1 268 просмотров

Астанада қарулы қарақшы Кенесары-Янушкевич көшелерінің қиылысындағы ломбардқа шабуыл жасады. Құқыққорғау органы қызметкерлері ломбардты қоршауға алған.

Бұл туралы ақпарат, алдымен әлеуметтік желіде пайда болды. Кейіннен Астанада ломбардқа шабуыл жасалғанын ресми органдар растады.

Ломбардқа қарулы шабуыл жасаушы қазір 2 қызметкерді тұтқынға алыпты. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Софья Қылышбекова мәлім етті.

«Белгісіз біреу ломбардқа баса-көктеп кірген. Қазір ол 2 адамды тұтқынға алып отыр», — дейді София Қылышбекова.

ҚР ІІМ баспасөз хатшысы Алмас Садубаев та ломбардқа шабуыл жасалғанын растап отыр.

Қалалық ішкі істер департаментінің өкілдерінің айтуынша, әзірге ломбардтағы қарулы қарақшы 1982 жылғы жігіт. Одан басқа, әзірге мәлімет жоқ.

Қазір полицейлер қарақшымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Оған рация беріліп, ломбард орналасқан аудан қоршауға алынды.

Загрузка...