Астанада кейбір көшелерге біржақты қозғалыс енгізіледі

37 просмотров

Үстіміздегі жылдың 28 мамырында Астананың кейбір көшелерінде біржақты қозғалыс енгізу жоспарланған. Бұл жобаны Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы мен Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп іске асырады.

4ebb1cd44a5efaa2ba6cef3117ce3eaa

Астана әкімдігінен хабарлағандай, жаңашылдықтың мақсаты — қаланың көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайту, жолдың жүретін бөлігінің өткізу қабілеттілігін арттыру, көлік ағынының жылдамдығын ұлғайту, жол бойында тұрған көліктер арасында тәртіп орнату. Бекітілген жоспарға сәйкес, біржақты қозғалыс алдымен қаланың келесі учаскелерінде енгізіледі:

  • Әуезов к-сі (Республика даңғылынан Ә.Молдағұлова көшесіне дейін). Учаскенің ұзындығы — 2,9 км;
  •  Желтоқсан к-сі (Мәскеу көшесінен. Кенесары көшесіне дейін). Учаскенің ұзындығы — 2,0 км;

Содан кейін, үстіміздегі жылдың 10 маусымынан бастап келесі көшелерде біржақты қозғалыс енгізіледі:

  • Абай даңғылы (Сарыарқа даңғылынан Пушкин к-сіне дейін). Учаскенің ұзындығы — 4,6 км;
  • Кенесары к-сі (Пушкин к-сінен Сарыарқа даңғылына дейін). Учаскенің ұзындығы — 4,3 км;
  • Янушкевич к-сі (Абай даңғылынан Иманов к-сіне дейін). Учаскенің ұзындығы — 0,7 км.

Жоғарыда аталған жол учаскелеріндегі біржақты қозғалыс жолының жалпы ұзындығы 14,5 км құрайды. Мамандардың қорытындысына сәйкес, елорда көшелерінде біржақты қозғалыс енгізу жолдың жүріс бөлігінің өткізу қабілеттілігін 25 пайызға дейін арттыруға, қиылыстарда тұрып қалу уақытын 29 пайызға азайтуға, көлік ағыны жылдамдығын 33 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді, ал жолдың орташа уақыты 20 пайызға төмендейді.

Сонымен қатар, біржақты қозғалыс жобасы келесі міндеттерді шешуге септігін тигізеді:

  • Көше-жол желісіне түсетін жүктемені бірқалыпты тарату;
  • Бағдаршам объектілерін басқаруды оңтайландыру;
  • ЖКО болу ықтималдылығын азайту (дағдарысты орындарды азайту);
  • Экологиялық жүктемені азайту;
  • Қалалық қоғамдық көлік кестесін сақтау нақтылығын арттыру;
  • Қоғамдық көлікке деген сұранысты арттыру.

Айта кетейік, біржақты қозғалысты енгізу қалалық қоғамдық көлік қозғалысы сызбасына әсер етпейді, өйткені, жоғарыда аталған учаскелерде «Bus lane» жеке жолақтары жасалған.

Бұл ретте жол полициясының қызметкерлері бастапқы кезеңде көлік құралдарының жүргізушілерін аталған учаскелерде жол жүру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпайды.

Қазіргі кезде жоба Еуропаның 32 мемлекетінде сәтті іске асырылып жатыр. 10 жылдың ішінде біржақты қозғалыс енгізілген көшелер саны 225 км-ден 575 км дейін артты.

Загрузка...