Астанада IV халықаралық «KADEX-2016» көрмесі ашылды (фото)

60 просмотров

Бүгін, Астанада төртінші халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі ашылды, — деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

28adbf83df259340b93886bd8f1f171a
Таңсәріден ҚР Қарулы Күштерінің авиациялық базасының 8 павильонында отандық және шетелдік өндірушілердің қару-жарағын, әскери және авиациялық техникасын көрсету басталып та кетті.
bdb9237b99513c720a0c46ee484ee1cb
Биылғы жылы көрме секцияларының саны 7-ге дейін кеңейтілді. Авиациялық техника, ҰҰА және ғарыштық технологиялар, Құрлық әскерлері мен Әскери-теңіз күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, ӘШҚҚ жүйелері мен құралдары, әскерлерді тылдық және техникалық қамтамасыз ету мүлкі, IT-технологиялар, байланыс жүйелері мен құралдары, әскери саладағы робот техника, әскери салада қолданылуы ықтимал баламалы қуат көздері.
84e50667dd3bc9dcb333939709ef8265
Барлық павильондар көрме қонақтарын, олардың арасында қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің мамандарын құшақ жая қарсы алуға дайын. Ал ашық есік күндері барша қауымның көрмені тамашалауға мүмкіндіктері болады.
b591f9ce5bb55653d5593b41eed567a7
Алғаш рет «KADEX-2016» көрмесінде «Арлан» броньдалған дөңгелекті машиналар мен қазақстандық өндірістің «Барыс» броньды транспортеры ұсынылды. Қазақстанда мұндай әскери техниканың баламасы жоқтың қасы. Оны ҚР Қарулы Күштерінің мұқтаждығы үшін отандық кәсіпорындарда шығарады.
41bbd1cc3be538817128c9475c4237f9
ҚР Қорғаныс министрлігі өткізіп жатқан төртінші халықаралық «KADEX-2016» көрмесі ағымдағы жылдың 5 маусымына дейін жалғасады. Соңғы екі күнде 4- және 5-маусымда көрме барлық келушілер үшін есігін айқара ашады. Елорда тұрғындары мен қонақтары көрме павильондарында болып, ақысыз негізде авиациялық және өзге де әскери техниканың жауынгерлік мүмкіндіктерінің көрсетілімдерін тамашалай алады. Көрме қонақтары аталған іс-шараға өтіп жатқан жерге №10, 12, 100 бағыттардағы автобустармен жете алады.
847faa0b4f15bf409259aebd2ff6fe34
2661c3ad6c65a1aaa3abbfdd76165cd3
cf2901667515922aac7f51c4ead9797c
06281a0e73e716b956be6c3be7a0fca6
1b14554871d2514369f95f1a72c6402e
1b560bc0f9a4108ef5cb5567085e6f67
a2adefea6f042e2a680a01c207348085

????????????????????????????????????

Загрузка...