Астанада Ерасыл Әубәкіровтың ісі ішінара қайта қаралуы мүмкін

37 просмотров

Оның үстіне  астаналық студенттің жантүршігерлік  өлімін  тергеген Ішкі Істер министрлігінің тергеушілеріне  қатысты  қылмыстық іс қозғалуы да  ықтимал.

Бұл туралы КТК хабарлайды. 

Өйткені, «Ерасыл Әубәкіровты азаптап өлтірді» деп айыпталғандардың бірі  Нұрбек Әжімбайдың адвокаты полицейлердің үстінен   шағымданып, прокуратураға арыз түсірді.

 

Адвокаттың айтуынша, тергеушілер күдіктілердің туыстарына қылмыстық істің аудио және видеоматериалдарының көшірмесін көрсетпеген. Ал, ол таспаларда елордалық студенттің қалай өлгені және фигуранттардың телефон әңгімелері жазылған екен.

– Басты күдікті болған Аян Мейірбаевтың жауапкершіліктен неге босатылғанын да сол таспалардан қарап түсінуге болар еді, — дейді адвокат.

Әрі заң бойынша күдікті тергеу материалдарымен толық танысуға құқылы. Полицейлер «Ерасылды өлтіруге тапсырыс берді» деген айыппен ұсталған   Аян Мейірбаевты мамырда босатып жіберген болатын. Тергеушілер Өскемендік ірі кәсіпкердің ұлын кінәсіз деп отыр. Оның әрекетінен еш қылмыс таппадық деп,  тергеуді де тоқтатты.

Қалған 3 күдікті Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев пен Нұрбек Әжімбай әлі абақтыда.

Естеріңізге салсақ, биыл ақпан айында  Астанада Медицина университетінің 6 курс студенті 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтың өлі денесі қала сыртынан табылған болатын.  Кейін марқұмды Аян Мейірбаев азаптап  ұрып, қинап  жатқаны түсіп қалған таспа тарады. 

Загрузка...