Астанада азық-түліктің қымбаттауы шикізат бағасының өсуімен түсіндірілді

42 просмотров

Астанада осы айда азық-түлiктiң 21 түрi қымбаттағаны байқалып отыр.

Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында қала әкiмiнiң орынбасары, азық-түлiк бағасын тұрақтандыру жөніндегі жедел штаб басшысы Андрей Лукин мәлiм еттi, деп хабарлайды BNews.kz.

— Астана қаласы әкiмдiгi әлеуметтiк маңызды азық-түлiк бағасына күнделiктi мониторинг жүргiзедi. Мониторинг бағасы бойынша 21 азық-түлiк түрiнiң бағасы өскенi байқалады. Бiрiншi сұрыпты ұннан пiсiрiлген нан бағасын «Сапа НАН» фирмасы 60 теңгеден 70 теңгеге дейiн өсiрдi. Нанның бөлшек саудадағы құны – 80 теңге. «Сапа НАН» қалада негiзгi өндiрушi болғандықтан, бұл қаладағы жалпы жағдайға ықпал еттi. Өндiрушi нан бағасын өсiрудiң қажеттiлiгiн шикiзат құнының жоғарылауы, сондай-ақ, өткен жылдан бастап бидайға субсидияның болмауымен негiздеп отыр, — дедi ол.

Оның айтуынша, бiрiншi сұрыпты ұн бағасының өсуi өндiрушiлердiң көтерме бағаны 7 пайызға көтеруiмен байланысты. Қанттың қымбаттауына да өндiрушiлердiң бағаны көтеруi ықпал еткен.

— Өсiмдiк майы 10,8 пайызға қымбаттаған. Бұған шикiзат бағасының өсуi себеп болған. Жем-шөп базасы мен дәрi-дәрмек бағасының өсуiнен жұмыртқа мен құс етi де қымбаттады. Қара шай құны да көтерiлгені байқалады. Күрiш бағасының 27,1 пайызға өсуi Қызылорда күрiшiнiң жеткiзiлмеуiне байланысты. Қарақұмық 24 пайызға қымбаттаған. Өйткенi Шығыс Қазақстан облысынан қарақұмық жеткiзiлмей отыр. Жемiс-көкөнiс бағасының өсуi қордың азаюы мен биылғы өнiмнiң қымбаттауынан болып отыр, — дедi Александр Лукин.

Оның айтуынша, басқа өңiрлермен салыстырғанда Астанада азық-түлiк бағасы бойынша жағдай орташа деңгейде. Қазiргi уақытта азық-түлiк бағасын тұрақтандыру бойынша тиiстi iс-шаралар қолға алынған.

Загрузка...