Астанада Азия елдерінің парламентаралық форумы басталды

31 просмотров

Астанада Азия елдері парламент өкілдерінің кездесуі өтіп жатыр. Ғылым, технология және инновация мәселелері жөніндегі Азия парламентаралық форумының жиынын Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ашты.

Форумға 25 мемлекет пен халықаралық ұйымдардың, оның ішінде Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) өкілдері қатысып жатыр.

Форум депутаттардың назарын білімге негізделген қоғамның дамуына, ғылымды дамытуға, ИЫҰ елдері экономикасына жоғары технологияны енгізуге аудару мақсатында ұйымдастырылған.

Форумды ИЫҰ мен Ислам даму банкі ұйымдастырған. Екі күнге созылатын форумда Астана декларациясын қабылдау жоспарланған.

911b80b5-3096-4b8c-99ab-5ee4210f743a_cx0_cy7_cw0_w987_r1_s_r1

Загрузка...