Астанада АИ-92 маркалы жанар-жағармай қымбаттады

80 просмотров

Астананың кейбір жанар-жағармай бекеттері бүгін АИ-92 маркалы бензин бағасын қымбаттатты.

Мысалы, Helios бекеттерінде АИ-92 бензинінің литрі 129 теңгеден босатылуда деп хабарлады ҚазАқпарат.

Бұрын Аи-92 жанармайы Helios-те 126 теңге болатын. Сонымен қатар мұнда Prime-Аи-95 маркалы бензиннің де бағасы 149 теңгеден 152 теңгеге өскен.

«ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісі «Аурика» бекеттерінде де бензин бағасының өскенін анықтады. АИ-92 бензині мұнда 129 теңгеден сатылуда.

Синойл жанармай бекеттерінде бензин бағасы сәл арзан. Онда бензин литрі 127 теңге деп бекітілген. «Номад» бекетінде 126 теңге. Қаладағы бензиннің төмен бағасы «ҚазМұнайГаз» жанармай бекетінде 125 теңге деп белгіленген.

Загрузка...