Астанада 800 адамның картасынан ақша ұрлаған Молдова азаматтары елден қуылды

102 просмотров

Сарыарқа аудандық соты Астана қаласы ішкі істер департаментінің Молдова азаматтарын Қазақстан Республикасы аумағынан шығару туралы талап арызын қарады.

Соттың анықтауынша, молдовалық екі азамат Кишинев қаласында жүріп, Қазақстан азаматтарының жеке шоттарынан ақшалай қаражаттарды ұрлау жөнінде қылмыстық келісім жасаған деп хабарлады ҚазАқпарат.

Осылайша, 2015 жылы 2-маусымда Молдова азаматтары «Кишинев-Астана» әуе рейсімен Астанаға ұшып келген. Қаскөйлер «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында орналасқан «Халық банкі» АҚ-тың банкоматына арнайы техникалық құрал орнатқан. Сол арқылы пайдаланушылардың электронды нұсқада сақталған ақпараттарына ие болған. Қылмыстық әрекеттен 800 адам зардап шекті.

Сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2015 жылы 26-қарашада Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты құқық бұзушыларды айыпты деп танып, мүлкін тәркілей отырып, жалпы режім колониясында 3 жыл жазасын өтеу үкімін шығарды.

2016 жылы 25-тамызда сотталушылар жазасының қалған бөлігі айыппұл түріндегі жеңілірек жазаға ауыстырылды.

Сарыарқа аудандық сотының шешімімен, Молодова азаматтары Қазақстан Республикасы аумағынан қуылады.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Загрузка...