Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Астанада 1-маусымда 20-дан астам шара өткізіледі

Күні бойы Тәуелсіздік сарайында ашық есік күні, «Бала – мемлекеттің болашағы» көрмесі өткізіледі, ал «Алжир» мұражайында «Мы соскучились по материнским рукам» тақырыбында дәріс оқылады.

Таңертең сағат 10.00-де ҚР Қаржы министрлігінің және Оқушылар сарайының алдындағы алаңдарда, Астаналық паркте және Студенттік паркте мерекелік ойын-сауық бағдарламасы басталады.

Астаналық паркте әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету үшін «Балалардың күлкісі» және «Бақыттың бәрі балаларға» қайырымдылық жәрмеңкелері өтеді.

Ақбұлақ өзенінің жағасында Streеt Workout-пен айналысуға арналған алғашқы арнайы алаң ашылады. Сонымен қатар, жастар «Астана Арена» стадионының жанындағы алаңда Open Air және «Болашақ энергиясы EXPO-2017» шоу-концертін тамашалайды.

«Алау» мұз сарайында қызықты ойын-сауық бағдарламасы, елордалық үздік би ұжымдары, аниматорлар, бойшаң қуыршақтар, эстафеталар мен байқаулар кішкентай астаналықтарға керемет көңіл күй сыйлайды.

Жыл сайын 1 маусымда Астанада Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтетінін айта кетелік. Бұл мереке 1949 жылы қарашада Парижде әйелдердің Халықаралық Демократиялық Федерациясының шешімімен бекітілді. Алғаш рет бұл мереке 66 жыл бұрын мерекеленген болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз