Астана әуежайынан заңсыз жүрген 33 украиналық азамат ұсталды

33 просмотров

Астана қаласы әуежайының аумағынан 33 шетел азаматы ұсталды. Олардың барлығы Украина азаматтары болып шықты. Бұл туралы ҚР ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Фото: ҚР ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметі
Фото: ҚР ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

«19-мамырда Астана қаласы әуежайында Желілік полиция бөлімі қызметкерлері Астана қаласы әуежайының аумағында шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану фактісін анықтап, 33 адамды құрықтады. Тексеру барысында олардың барлығы Қазақстан Республикасының аумағында еңбек ету рұқсатынсыз жұмыс істеп жүрген Украина азаматтары болып шықты.

Осыған сәйкес, жұмыс беруші ҚР еңбек имигранттарының және шетелдік жұмыс күшін пайдалану тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 519-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды» делінеді алдын ала таратылған хабарламада.

Сондай-ақ арнайы рейд кезінде Астанада жеке басын куәландыратын құжаттарынсыз жүрген 44 шетел азаматы қабылдап-тарату орындарына жеткізілген.

Загрузка...