Астана – шенеуніктер ордасы. Шын қазақтар Шымкенттен шығады!

106 просмотров

Белгілі саясаттанушы Әзімбай Ғали өзінің Facebook-тегі парақшасында қазақтардың табиғи демографиялық өсімі енді сарқылатынын және қазақтың енді қалаланған ұлт болғанын жазады.

11071588_1028326860529771_5367077562771178216_n

Алматы орыстың, Шымкент қазақтың, Астанашенеуніктердің қаласы!

«Шымкентке метро керек, халқы миллионнан асты. Шымкент – қазақтың оңтүстіктегі қазақы цитаделі, қазақ бекінісі. Миллиондық қалалар елдің – тіні. Егер де Шымкент мемлекеттік көмек алса, бұл дамуына, алған ілгерілеуіне мультипликативтік әсер етеді. Урбанизациялық заңдылық бар. Халық саны белгілі бір қалада бір миллионға жетсе болды — қала ішкі және сыртқы инвестициялар тартатын болады да барлық позитивтік экономикалық шаралар қос әсер әкеледі.

Шымкент Алматыға антипод: Алматы – орысшыл орда, Шымкент – қазақшыл орда, Астана – шенеуніктердің ордасы.

Қазақшылдық (қазақ тілді, ділді, ұлтсаналық доминанта). Шымкенттен қазақтар орталық және солүстікке жылжиды, сол сияқты Батыс өлкеден қазақ доминантасының екінші қолы – Маңғыстау, Атырау, Оралдан солтүстік бағытқа екінші қазақы бағыт ретінде жылжып келеді. Үшінші бағыт – Ресей, Қытай, Моңғол және Өзбекстан (барлық репатрианттардың 61пайыз) қазағы барлық қазақтың қалаларын толтырады.

21ғасыр – урбанизация үстемдігінің заманы. Бүгін қазақтың 60 пайызы қалады тұрады.

Біз енді қалаланған ұлтпыз.

Табиғи демографиялық өсім сарқылады, сапалық өсім кезегі келді. Енді тілдік және мәдени ассимиляция және айқын ұлттық бағыттағы саясат болмаса, болмайды. Мұның бәрі бейбіт жағдайда жүзеге асырылады. Назарбаевтың саясатын заманға сай белгілі коррекциядан кейін дұрыс деуге келеді», деп жазады Әзімбай Ғали.

Снимок экрана от 2016-06-13 16:46:11

 

Загрузка...