Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу турында «Астана» клубы «Селтиктен» жеңіледі. Tennisi.kz букмекерлік кеңсесінің мамандары осындай пікірде.
Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.
Естеріңізге саламыз, «Астана» мен «Селтик» арасындағы алғашқы ойын 1:1 есебімен тең аяқталған болатын. Қарымта матч тамыздың 3-інен 4-іне қараған түні Астана уақытымен 00:45-те басталады. «Қазақстан» ұлттық арнасы кездесуді тікелей эфирде көрсетеді.