Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Астана құрылыс” компаниясы үйі қисайған алғабастықтарға жаңа баспана салып беретін болды

111

“Алғабас-6” ықшам ауданындағы қисайған 9 қабатты тұрғын үйдің тұрғындарын жалға берілетін пәтерлерге көшіру мен құжат рәсімдеу жұмыстары жалғасып жатыр деп хабарлайды Алматы арнасы.

– Тура осы жобадағыдай үй салынады. 72 отбасы бір бөлмелідегісі- бір бөлмелі, екі бөлмесідегісі-екі бөлмелі, үш бөлмесі барлар – үш бөлмелі пәтер алады. Шаршы метрі де дәл сондай болады, солай айырбас болады.

Құрылысшылар ол үйді 1 желтоқсанда бітереміз деп отыр. Бірақ оған дейін құжаттарын жасап жатыр. Негізі бұл үйде 1,2,3, бөлмелі пәтерлерді алты айға жалға алады, соған байланысты өздері келісімшартқа отырады. Сол келісімшарт бойынша “Астана құрылыс” компаниясы ақшаларын төлеп береді,- деді Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Бағдат Мәнізоров.

Осы уақытқа дейін 72 отбасының 17-сі 6 айға жалға төлеу үшін берілетін өтемақыны алып үлгерген. Ол 5 млн теңгеден астам қаржыны құрайды. Ал, үш отбасы жағдайларына байланысты пәтерді “Алғабас” ықшам ауданында болғанын қалапты. Қазіргі таңда оларға да жалдамалы пәтер табылып, тұрғындар ертең көшетін болды. Ал, қалған үш бөлмелі 10 отбасының иесі кешке жақын «Астана құрылыс» компаниясы салған Әуезов ауданындағы үйлерді аралап көрді. Алғабастықтардың басым бөлігі мекеме ұсынған үйлерді ұнатып, сонда сенбіге дейін орналаспақ.

– Біз заңгерлермен, халықпен құжаттардың көшірмесін жинадық. Бүгінгі таңда 40 пәтердің құжатын жинап қойдық. Біз оларға жалға пәтер тауып береміз.10 пәтер тауып, тұрғындарды ертеңнен бастап кіргізетін болдық. Қазіргі таңда келіп көрсеттік, үш бөлмелі пәтерлерді. Тұрғындардың бәріне ұнады. Ертеңнен бастап тұрғындарды көшіп-қондыру басталады,- деді «Астана құрылыс» компаниясының қызметкері Медғат Нұрманов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз