Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Астана полициясына Қытай әріптестері ат басын тіреді

Бұл туралы Астана қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл іс-сапардың мақсаты екі мемлекеттің құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылды.

Астана қаласы ішкі істер департаментінің жетекшісі полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров өзінің алғы сөзінде қоғамдық тәртіпті қорғау саласындағы өзара әрекеттестік мәселесі маңызды бағыттардың бірі болып табылатындығын атады.

Кездесуде Қытай делегациясы халқы 38 миллионнан тұратын Шанси провинциясындағы қоғамдық тәртіпті қорғау жайында айтып, мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барды.

Мәдени бағдарлама шеңберінде ҚХР делегациясы Астана қаласы ішкі істер департаментінің мұражайына, ҚР қорғаныс министрлігінің әскери-патриоттық орталығының тарихи мұражайына барып, қаланы аралады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз