Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

«Астана-Павлодар» электр пойызы билетінің бағасы белгілі болды

244

«Кеше әлеуметтік маңызға ие «Астана-Павлодар» бағыты бойынша тасымалдаушыны анықтау үшін жүргізілген байқаудың қорытындылары шықты. Пойыз 2016 жылдың 1 маусымынан бастап, аптасына екі мәрте – бейсенбі мен жұма күндері Астанадан, сенбі мен жексенбіде Павлодардан жүретін болады», – деді бүгін ҚР ИДМ баспасөз xатшысы Қайсар Жұмабайұлы.

Электр пойыздың құрамы 2013 жылы жасалынған 3-санаттағы 8 вагоннан тұрады.

Билет құны: 1-санат үшін – 2 305 теңге, 2-санатқа – 2 147 теңге және 3-санат – 1 784 теңге болады.

«Айта кету керек, Астана мен Павлодар арасында күніне 900 жолаушы қатынайды. Ал жазғы мезгілде 1 100 жолаушы жолға шығады», – деді Қ. Жұмабайұлы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз