Астана маңындағы әскери десантшылар гарнизонда алапат өрт болды

40 просмотров

Астана маңындағы № 68665 әскери гарнизонда алапат өрт болды.

«6 қазан күні сағат 10:12-де «101» номеріне «Теміржолшы» тұрғын үй алқабы ауданындағы №68665 әскери бөлімінде автокөлік дөңгелектері өртеніп жатқаны туралы ақпарат түсті. Кезекші топ өрт орнына жеткен кезде, сағат 10:22-де 300 шаршы метр аумақта резеңке-техникалық жабдықтар мен әскери бөлімнің оқ атып жаттығатын тирларының ағаштары жанып жатқан. Өрт 13:23-те ауыздықталып, сағат 13:55-те толық сөндірілді»,-деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігіне Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Аэроұтқыр әскерінің 36-шы десанттық-шабуылдау бригадасында болған өрттің себебі анықталып жатыр.

Загрузка...