Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Астана әкімі: Жеке көлік жүргізушілері «соңғы планда» тұрады

Әкімнің сөзіне қарағанда, бүгінде елорда тұрғындары мен қалаға жұмыс үшін келетіндердің саны бір миллионнан асып жығылады. Ал көліктердің саны 500 мыңға дейін жетті. Аталған көрсеткіш қала халқының санынан екі есе жылдам өсіп келеді.

«Осының салдарынан қала инфрақұрылымына түсетін салмақ артып, үлкен кептелістерге себеп болуда. Астана халқының саны 200-500 мың адамның шамасында болғанда, бұл мәселе аса өзекті болған жоқ. Ал қала мегаполис деңгейіне жеткенде көлік кешенін басқарудың жаңа тетіктерін қолға алу қажет. Сондықтан соңғы жылдары қала басшылығы әлемдік тәжірибені зерделей отырып, тиісті бағдарламаларды енгізе бастады», – деді Ә.Исекешев Астанада өтіп жатқан «Астана қаласының көлік кешенін дамту үрдісі» тақырыбындағы халықаралық конференцияда.

Оның айтуынша, болашақта қаладағы жол қозғалысы кезінде алдымен жаяу жүргіншілерге, одан кейін велосипедшілер мен қоғамдық көліктерге басымдық беріледі. Ең соңында – жеке көліктерге.

«Мұндай талап әлемдік трендтерге сәйкес келеді. Әлбетте, ондайда жеке көлікпен жүретін қала тұрғындары тарапынан наразылық туындайды. Дегенмен, қоғамдық көлік саласындағы басымдықтар солай берілуі керек. Бүгінде Астана халқының тек үштен бір бөлігі ғана қоғамдық көлікпен қатынайды. Біз аталған көрсеткішті арттыруды жоспарлап отырмыз. Иә, белгілі бір жобалар кейбір қала тұрғындары үшін қолайсыздықтар туғызуы мүмкін. Алғашқы уақытта біздің бастамаларымызды дұрыс қабылдамауы да әбден мүмкін. Мен оны жақсы түсінемін. Дегенмен, бәріне түсіністікпен қарауға шақырамын. Ол жобаларды қазір қолға алмасақ, ертең кептелістен көз ашпай қалуымыз бек мүмкін», – деп атап көрсетті қала әкімі.

Айта кетейік, кеше Астанадағы Қазмедиа орталығында басталған халықаралық конференция барысында «Астана LRT» компаниясының басқарма төрағасы Талғат Ардан елорданың қоғамдық көлік саласын қайта құру мен жаңарту жұмыстары аясында мыңдаған мамандардың жұмысқа алынатынын жеткізді. Сондай-ақ ол бірыңғай такси қызметін енгізгеннен кейінгі InDriver сияқты қосымшалардың болашағына тоқталып, “Шанхай” базарындағы автобустардың қызметіне қатысты сұраққа жауап берді.

 

1410151188_6efdb17012d2f7e3f44213f276e

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз