Астана әкімі Терроризмге қарсы комиссияның кезектен тыс отырысын өткізді

51 просмотров

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков Терроризмге қарсы комиссиясының кезектен тыс отырысын өткізді. Онда елордадағы қауіпсіздік шараларын, әсіресе, террористік тұрғыдан осал нысандарда бақылауды күшейту мәселелері қаралды. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

— Елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков  арнайы өткізілген отырыс барысында қаланың қауіпсіздік шараларын, әсіресе, террористік тұрғыдан осал нысандарда бақылауды күшейту мәселелері қаралды, — делінген қала әкімдігінің ресми сайтында.

5-6-маусымда Ақтөбе облысының аумағында орын алған төтенше оқиғаға байланысты террористік сипаттағы қауіп-қатердің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті  елдің барлық өңірінде 40 тәулікке террористік қауіптіліктің бірқалыпты «сары» деңгейін белгіленген болатын.

Тәртіпке сәйкес, лаңкестің болуы ықтимал жағдайда қауіптің „сары„ деңгейі жарияланады. Ал лаңкестік актісі болу қаупі алдын ала расталса, онда „қызғылт-сары„ деңгей енгізіледі. „Қызыл„ деңгей теракт болған кезде жарияланады. Мысалы, қазір Ақтөбеде лаңкестіктің „қызыл„ деңгейі жарияланған.

Загрузка...