Қазақстанның жоғары қызметтерінде өзгерістер болуы күтіліп отыр. Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков, ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Ниғматулин және депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов жаңа қызметтерге тағайындалуы ықтимал.
Бұл туралы өзіндік ақпарат көзіне сілтеме жасап, Kapital.kz іскерлік ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Болжам бойынша, Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков ҚР Президент әкімшілігінің, ал бұл қызметтегі Нұрлан Ниғматулин ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынтағына жайғасуы мүмкін.