Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Астана күнінің бейнебаяны Батырхан Шүкеновтың соңғы туындысына арналды

Екінші жылы Айман Мұсақожаеваның «Әншілер академиясы» деген туындысына клип түсірдік. Биылғы клипті ерекше дарын иесі, қайталанбас әнші, керемет ұйымдастырушы, халықтың сүйіктісіне айналған Батырхан Шүкеновтің соңғы туындысына арнауды жөн көрдік. Оның соңғы арманы – осы әнге клип түсіру еді, – дейді Қайнар Олжай.

Жалпы, бұл ән өткен жылы Батырхан Шүкенов атындағы Қоғамдық қордың арнайы шығарған «Аманат» атты соңғы альбомына кiрген. Бейнеклип Астананың түрлi аймақтарында түсiрiлген және онда елорданың ең көрiктi деген жерлерi мен ең зәулiм ғимараттары көрiнiс тапқан.

Отандық кинематография саласында алғаш рет арнайы эффектiлердi жасау мақсатында анаморфотты кинообъективтер пайдаланылған. Түсiрiлiмге Роза Рымбаева, Медеу Арынбаев, Мәдина Сәдуақасова, Мақпал Исабекова, Майра Мұхамедқызы, Дильназ Ахмадиева, қатысқан. Әннің сөзін ақын Шөмiшбай Сәриев жазса, әуені композитор Ренат Гайсиндікі. Бейнебаян бүгіннен бастап телеарналар мен интернет желісінде пайда болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз