УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізген қазақстандық «Астана» футбол клубы Кипрдің «Апоэл» командасына 1:2 есебімен жол берді. Айта кетсек, бірінші таймнан кейін қазақстандықтар 1:0 есебімен ұтып жатқан еді.
Алғашқы таймның төреші белгілеген қосымша уақытында Неманья Максимович есеп ашты. Кипрліктер ойынның 75-ші минутында есеп теңестіріп, 87-ші минутта жеңіс голын салып кетті.